Айдын ақшаға ұшса да, елін саудаға салмады

/uploads/thumbnail/20170708193414157_small.jpg

Осыдан 6-7 жыл бұрын Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетов ғарышқа ұшады екен деп елеңдедік. "Роскосмос" ақша төлеңдер, немесе, РФ азаматтығын алыңдар деген талап қойды. Аймаханов сол кезде-ақ "осынша дайындығым бекер кете ме, Ресей азаматы боламын" деген. Ақыры 2012 жылы басқа елдің азаматы атанып, ғарышкерлері санатына қосылды. Ал, Айдын өйтпеді. Туған өлкесінде мұғалім болып-ақ күнін көріп жүре берді. Түбінде, халық ниеті, Айдынның тілегі қабыл болды. Ақшаға болса да, қазақ атынан ғарышқа ұшты. Өзіңнің ұлттығыңды асқақтату үшін жұмсалған ақша-садақа. Бастысы елін саудаға салмады. Ал, ол неге шоқындыру рәсімінде қыбыр етпей тұра берді деп жазғырар болсақ, Рим Папасының келгенін ұмытпайық. Онда тұтас шенді алаңда шұбырып, тұтас қазақ теледидарға телміріп, "шоқынған" болатын. Намазға тап болған христианның бет сипамайтынындай Айдын да үш саусақпен шұқынған жоқ, бастысы осы болса керек-ті. Сапарың сәтті болсын, қазақ баласы!

Серік Әбікеннің «Facebook» парақшасынан

Қатысты Мақалалар