Қыркүйек айының 20-21 күндері Алматы қаласы Республика сарайында "Алтыннан ардақты, аяулы Алматым!" атты Республикалық ақындар айтысы өтеді. "Қазақ Хандығының 550 жылдығы" мерекесіне және қала күніне арналған айтысты Алматы қаласының әкімдігі ұйымдастыруда. "НұрОтан" партиясының қолдауымен өткелі отырған сөз додасында 20 ақын бақ сынайды. Олар: Айбек Қалиев (Арқалық), Тілеген Әділов (Қарағанды), Мақсат Ақанов (Қарағанды), Иран-Ғайып Күзембаев (Астана), Еркебұлан Қайназар (Астана), Мейірбек Сұлтанхан (Астана), Жансая Мусина (Орал), Мұхтар Ниязов (Қызылорда), Нұрмат Мансұров (Астана), Марат Ахметов (Ақтөбе), Аспанбек Шұғатаев (Кереку), Қалижан Білдәшев (Шымкент), Айсәуле Бейсенхан (Астана), Ершат Қайболдин (Ақтөбе), Бақыт Жағыпарұлы (Алматы),Талант Арғынғали (Алматы), Ринат Зайытов (Алматы), Болатбек Оразбаев (Алматы), Бибігүл Тілеболдинова (Алматы), Хазірет Бердіхан (Алматы)
Айтысты жүргізуші: ақын, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін ЕРМАН
Айтыс Алматы қаласы Республика сарайында өтеді
Басталуы 20 қыркүйек күні 15:00-де, 21 қыркүйек күні 18:00-де.
Келіңіздер, ардақты айтыссүйер ағайын!