Нұр-Сұлтан қаласында қатыгез ана балаларын айтқанын істете алмағаны үшін үй киіммен қалада отырғызып аяусыз жазалаған оқиғаға байланысты қалалық полиция департаменті мәлімдеме таратты.
"23 желтоқсан сағат 21:20-да полицияға астана тұрғынынан көршісі алты жасар баласын ұрып, сегіздегі қызын далаға қуып шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері 35 жастағы әйел осы арқылы көршісінің кір қыстырғышын ойнау үшін рұхсатсыз алған балаларын жазаламақ болғанын анықтады. Отбасы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті ювеналдық полицияның профилактикалық есебіне алынды" делінген таратылған ақпараттық хабарламада.
Бұған дейін қатыгез ана балаларын сабап, дәлізге қондырып, үй киіммен қалада отырғызып қойғаны хабарланған.
Пікір қалдыру