Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді көптеген есептіліктен арылту үшін заңды негіздер пайда болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты.
– Орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізбесі белгіленді. Артық есептілікті талап еткені үшін лауазымды тұлғалар айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мектеп басшысы мен оның орынбасарлары толтыратын нақты қажетті құжаттар тізімі де белгіленген, қажеті жоқ құжаттар алынып тасталды, – дейді ол.
Сонымен қатар министр жаңа оқу жылынан бастап жоғары оқу орындарында қатаң есептегі құжаттардың 11 формасы алынып тасталатынын хабарлады.
Оның айтуынша бұл оқытушыларға сабаққа дайындалуға және кәсіби дамуға көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Пікір қалдыру