12 сенатор Байденнің сайлаудағы жеңісін растаудан бас тартатынын мәлімдеді 

/image/2021/01/03/crop-8_6_429x619_61ba5e60-49ee-11eb-a6e1-552977cd5008.jpg

Бір топ АҚШ сенаторы келесі аптада Джо Байденнің сайлауда жеңгенін растауға дауыс бермейтіндерін мәлімдеді.

Сенаторлар фактілерді тергеу жөніндегі комиссия құрылмаса Джо Байденнің сайлаудағы жеңгенін мақұлдаудан бас тартатынын жариялады.

The Independent ақпаратына сәйкес, Тед Круз бастаған 11 сенатор сайлау туралы фактілерді тексеруді 10 күн ұзартуды қалайды.

Президент Дональд Трамп "президенттік сайлау кезінде алаяқтық жасалды" деп бірнеше рет мәлімдеме жасап, соңғы нәтижені мойындаудан бас тартқан.

Алайда Трамптың нәтижелерді бұзуға бағытталған заңды әрекеттерін АҚШ соттары негізсіз деп санап кері қайтарған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар