Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, елдегі орташа айлық 2021 жылғы ақпан айының соңында 223 мың теңгені құраған.
Бұл көрсеткіш соңғы ұдайы өсіп келеді. Мәселен қазан айында – 209 818 теңге, қарашада – 211 033 теңге, желтоқсанда – 220 848 және 2021 жылдың ақпанында – 223 213 теңгеге жетті.
Жан басына шаққандағы орташа ақшалай кіріс, 2021 жылғы қаңтардың аяғында 115 684 теңгені құрады. Бұл былтырмен салыстырғанда 4,8 пайызға жоғарылаған.
Пікір қалдыру