Ұлттық қордың айтарлықтай бөлігін криптовалютамен сақтайтын уақыт жетті. Болмаса, кеш болуы мүмкін

/image/2021/04/27/crop-8_-2_510x935_njdl12ln.jpg

Кеше ғана АҚШ-тың ең ірі банк жүйесі JP Morgan корпорациясы осы жаздан бастап ірі клиенттері үшін критовалютамен қор сақтайтынын мәлімдеді

Криптовалюта тақырыбы көптеген адамдарды ғана емес мемлекеттердің өзін мазалай бастады.

Зерттеп қарасақ, криптовалютаны қолдайтындар да, оған қарсы болатындар да көп. Дегенмен бұл валютаны қолдайтындар мен қолданатындар уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Ғаламдық экономикадағы оның үлесі артып келеді. Оның бір себебі, криптовалютаның ашықтығы және "цифрлық алтын" сипаты болуында.

Криптовалютаның болашағына сенетін  әлемдік алпауыт компаниялар мен қаржы институттарының тіпті, мемлекеттердің саны уақыт өткен сайын көбейіп жатыр.

Қытай билігі криптовалютаны инвестиция мүмкіндігі ретінде көтеруде. Еуропа елдері де цифрлық валютаны тезден дайындау керек екенін айтты. АҚШ-тың ірі банктері мен қаржылық корпорациялары криптовалютаға көшкенін және көшетінін бірінен кейін бірі жариялауда.

PayPal биткойн қолданатынын мәлімдеді. Mastercard аударымдары биткойн арқылы болатынын хабарлады. Apple Pay криптовалюта арқылы зат сатып алуға болатынын айтты. Tesla компаниясы 1.5 млд долдарға биткойн сатып алды және көліктері биткойнмен сатылатынын жариялады. Twitter және Gerneral Motors компаниялары да биткойнмен жұмыс жасайтынын айтты.
Тіпті, АҚШ қаржы алпауыттары JP Morgan және Goldman Sachs биткойнды қолдап, қуаттап және қолданатынын мәлімдеді.

Әлемде осындай ірі қаржылық трансформация жүріп жатқан кезде, ғаламдық жағдайды бағамдап, ертерек дұрыс шешім қабылданбаса, көптеген елдердің бюджеті банкроттыққа ұшырауы әбден мүмкін. 

Кейбір қаржылық мамандардың ақпаратына сәйкес, 2030 жылға қарай криптовалюта ғаламдық негізгі құнды валютаға айналып, қазіргі халықаралық айырбас валюта статусындағы АҚШ долларының өзі құнын толық жоғалтуы ықтимал. 

Мемлекеттің бюджеті мен ұлттық қор халықтың мүддесіне қызмет етуге міндетті болғандықтан, осындай тарихи сәтте жауапты құзырлы орындар ұлттық қордың біраз бөлігін ертерек криптовалютамен сақтауды қарастыруы керек, бұл уақыт күттірмейтін тарихи момент деп есептеймін. Олай болмағанда, бәрі де кеш болуы мүмкін.

Журналист: 

Талғар Дәлелғазы 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар