Екі күн бұрын Өзбекстаннан оралдым. Өзбек сумы жаһандық дағдарыста девальвацияға ұшырамақ түгілі күшейіп бара жатыпты. Біздің теңгенің құлдырауы сұмдық. Бұдан жарты ай бұрын 1000 теңгеміз 24000 сум болған екен. 13-қыркүйекте 1000 теңге 16 000 сұм болды. Бүгін таңертең 1000 теңге 9384 сумға құлапты. Ал сум болса үш есе нығайған. Бұл орыстарға тәуелсіз экономикалық саясаттың жемісі. Өзбекстан экономикасында Ресей үлесі 3 пайыз ғана! Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы деген өтірік мақтанның күлі көкке ұшты!
Марат Тоқашбаев, facebook парақшасынан