Б. Сағынтаев: Алматыда 2 млн 604 мың шаршы метрден астам тұрғынүй салынатын болады

/image/2021/06/25/crop-165_21_1316x1755_66xv9icy.jpg

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында тұрғынүй құрылысының қарқынды өсуі және тұрғынүй қорын реновациялау бағдарламасы туралы айтты.

Жыл соңына дейін Алматыда 2 миллион 604 мың шаршы метрден астам тұрғынүй пайдалануға беру жоспарланған, оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен — 248,5 мың шаршы метр немесе 3266 пәтер үлестіріледі. Айта кетерлігі, 2014 жылдан 2020 жылға дейін. Тұрғын үй пайдалануға беру көлемі 1330,8 мың шаршы метрден 2401 мың шаршы метрге дейін немесе 1,8 есеге өсті.

Баспанаға мұқтаждарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік және қалалық бағдарламалар іске асуда. Қазіргі кезде «Шаңырақ» пилоттық бағдарламасына қатысу үшін құжаттар қабылдануда, ағымдағы жылдың басынан бері жеке пәтер үй сатып алуға 800-ден астам несие берілді.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша Алматыда жеңілдетілген несиелер саны 272-ден 1010-ға дейін өсті. Жергілікті бюджеттен 3,3 млрд теңге бөлінді, осы бағдарлама бойынша көпбалалы отбасыларға 220 несие берілді.

Алматыда екінші жылы қатарынан «Алматы жастары» қалалық бағдарламасы жүзеге асырылуда мұнда 35 жасқа дейінгі 1000 алматылық жеңілдікпен несие алып, баспаналы бола алады. 2021 жылы осы бағдарлама бойынша 116 отбасы баспана сатып алды.

Бұдан өзге, екі мың азаматқа алғашқы төлемнің бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.

2021 жылдың 31 мамырында қалалық мәслихат қалалық тұрғын үй кезегінде тұрған қала тұрғындарына тегін және қайтарымсыз негізде 1 млн теңге көлемінде берілетін тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін анықтады, олар мына санаттағылар:
• I және II топ мүгедектері;
• мүгедек балалары бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
• ата-ана қарауынсыз қалған жетім балалар және балалар;
• көпбалалы отбасылар.

Сертификаттарды «Шаңырақ» (5-10-20) бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және «Бақытты отбасы» (2-10-20) бағдарламасы аясында пайдалануға болады.

Тұрғын үй сертификаты тұрғын үй заемын беруге келісім алған, соңғы 6 айдағы табысы отбасының әр мүшесіне шаққанда 106 336 теңгеден аспайтын азаматтарға беріледі.

Алматыда ескі үйлердің мәселесін шешу үшін тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы қабылданды. Ол тозығы жеткен 708 үйді немесе 6637 пәтерді бұзуды және 683 үй салуды қарастырады, бірақ қазірдің өзінде жалпы ауданы 2,3 миллион шаршы метрді құрайтын 34 605 пәтер салынады. Бағдарлама реновацияланатын пәтерлер иелерінің толық келісімімен, меншік құқығының кепілдігімен жүзеге асырылады.

2021 жылдың басынан бері бағдарлама аясында инвесторлардың өздері ӘКК-мен бірлесе отырып, 126 пәтерлі 14 тозығы жеткен үйді сүрді, Жетісу, Түрксіб, Бостандық аудандарында,ы ескі үйлер бұзылуда, ал Түрксіб ауданында 16 пәтерлі бір апатты үй сүрілуде.

 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар