Павлодар облысында жол сапасының нашар болуына байланысты 21 ауыл әкімі жауапқа тартылады. Бұл туралы Pavlodarnews.kz. сайты хабарлады.
– Павлодар облысында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5 441,1 шақырым. Жыл басынан бері автожолдарға 890 зерттеу жүргізілді, 2 027 ақау анықталды. 140 лауазымды және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 21 ауыл және ауылдық округ әкімі жазаланды, – деді әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұржан Таңатаров.
21 әкімнің 18-і әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңның 630, 631 және 632-баптары (жол, жерасты коммуникацияларды қарау құдықтарын күтіп-ұстау жөніндегі талапарды орындамау) бойынша, ал 3 әкім әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңның 420-бабы (жабайы сораны жоюға шара қолданбау) бойынша жауапкершілікке тартылған.
Оларға жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.
Пікір қалдыру