Жапонияда су тасқынынан 3 млн адам эвакуацияланбақ

/image/2021/08/13/crop-1_35_336x598_3f88f70ab93ad662344fea651bc894a7_l.webp

Жапонияның оңтүстік-батысында нөсер салдарынан үш миллионға жуық адам эвакуацияланды. Бұл туралы NHK телеарнасы мәлімдеді.

Аймақта бірнеше күн толассыз жауған жауын-шашын тасқынға ұласқан. Кей жерлерде лай көшкіні басталған.

Бейресми ақпараттарға сәйкес, табиғат апатынан 4 адам қайтыс болған. Тағы бірнеше тұрғынның тағдыры беймәлім. 

Жергілікті билік апатты деп танылған аймақтардан 3 млн тұрғынды эвакуациялау туралы шешім қабылдаған. Мамандар халықты барынша сақ болуға шақырып отыр. Қазір аймақта қауіптіліктің жоғарғы деңгейі жарияланды. Апаттан зардап шеккендер үшін арнайы орталық ашылды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар