Қазақстанның кей өңірлерінде 41 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
15-17 тамыз күндері елдің көп бөлігінде 40-41 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде. Тек Алматы өңірінде нөсер жауып, найзағай жарқылдайды.
БҚО-да ауа температурасы +40 және +41 градусқа дейін ыстық болады, республиканың оңтүстігінде ауа температурасы +37 градус ыстық сақталады. Шығыс Қазақстан облысында күн күркірейді деп күтілуде.
Пікір қалдыру