Тәліптердің Ауғанстанды басып алуы 23 жастағы қыздың арманын тас-талқан етті

/image/2021/08/24/crop-9_5_336x597_taliban-in-gelmesiyle-kaos-yasanmasaydi-14350953_6713_osd.jpg

Ауғанстандық 23 жастағы спортшы Кабулдағы жағдайдан кейін олимпиадаға қатыса алмайтынын айтып, өкініш білдірді. 

Тәліптер Кабулды басып алмағанда спортшы Закия Худадади Паралимпиадаға Ауғанстан атынан қатысатын алғашқы әйел болатын еді.

Мамыр айынан бері Ауғанстанға шабуылдауды күшейтіп келе жатқан "Талибан" қозғалысы өткен аптада ел басшылығын өз қолына алған.

Панчшир қаласының сыртында елге үстемдік еткен Талибан Ауғанстанда үлкен тәртіпсіздік тудырды.

Дүрбелең салдарынан елден қашпақ болған халық әуежай мен шекараға қарай ағылды. Елден қашуға әрекеттенгендер арасында қаза тапқандар мен жараланғандар бар.

Ресми сайт таратқан ақпаратқа сәйкес, аймақтан келген суреттердің бірінде жас қыздың жылап жатқанын көруге болады.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар