Германия Талибанмен саяси диалогқа келу қажет екенін айтты

/image/2021/09/06/crop-10_6_413x625_000_9ma4du.jpeg

Германия канцлері Ангела Меркель Ауғанстанның көп бөлігін бақылауға алған Талибанмен саяси диалогқа келуді жақтайтынын айтты.

"Талибанға қатысты, әрине, біз олармен сөйлесуіміз керек, өйткені мәселе қазір шешілуі тиіс" деді Меркель Германияның батысындағы Хаген қаласына барғанда.

Оның айтуынша, келіссөздер Ауғанстаннан шығып үлгермей қалған ауғандарды эвакуациялау үшін қажет.

"Біз, әсіресе, Германияның даму ұйымдарында жұмыс істеген және қазір өміріне қауіп төнген адамдарды елден шығарғымыз келеді" деп қосты Меркель.

Оның айтуынша, диалог Ауғанстанға гуманитарлық көмектерді жалғастыруға мүмкіндік береді. Неміс көшбасшысы Кабул халықаралық әуежайының жақында рейстер үшін ашылғаны "жақсы сигнал" екенін айтты.

Бұған дейін Ұлыбритания да тәліптермен тікелей келіссөз жүргізу керек екенін мәлімдеген. Алайда Талибанды жақын арада мойындамайтынын айтқан.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар