Қазақстанда макарон қымбаттады

/image/2021/10/04/1.jpg

Қазақстанда бір жылдың ішінде макарон өнімдерінің бағасы 11 пайызға қымбаттады. Ал өндіріс көрсеткіші 13 пайызға төмендеді. Бұл туралы Еnergyprom.kz сайты хабарлады. 

Макарон арасында кеспе 12,4 пайызға, спагетти 11,5 пайызға және вермишель 10,9 пайызға қымбаттаған. Қыркүйекте базарлар мен дүкендерде кеспенің бір келісі 782 теңге, вермишель 374 теңге, түтік кеспе 361 теңге болатын. 

Макарон өнімдерінің қымбатшылығы әсіресе Атырау (22 пайыз), Қызылорда (18,4 пайыз) және Қарағанды (17,5 пайыз) облысында байқалған. 

Тамыз айында елде макарон, кеспе, кускус және өзге де осыған ұқсас ұн өнімдері 100,8 мың тонна өндірілген. Бұл былтырғыға қарағанда 13,3 пайызға төмен. 

Өнім өндіру жағынан өңірлер арасында Шымкент (17,8 мың тонна), Нұр-Сұлтан (16,7 мың тонна) және Батыс Қазақстан облысы (15,1 мың тонна) көш бастап тұр.

2021 жылдың қаңтар-шілде қорытындысы бойынша отандық компаниялар макаронды 82,3 пайыз өндірген. Импорт үлесі – 17,7 пайыз. Елге 18,9 мың тонна макарон әкелінді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар