Қазақстан Республикасы Еңбекмині Әлеуметтік сақтандыру, базалық әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру саясаты департаментінің директоры Виктория Шегайдың айтуынша, қазіргі уақытта ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыны тағайындау тетігі пысықталуда, ол төмендегідей өзгерістерді қамтиды:
– ең төменгі мөлшерді ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-нан 70%-на дейін ұлғайту ұсынылады;
– қатысудың ең аз өтілін 10 жылдан 5 жылға дейін азайту;
– зейнетақы мөлшерін шектеуді алып тастау (қазіргі уақытта ең жоғары шектеу қатысу өтілі 33 жыл және одан көп болған кезде 1 ЕТКД-ні құрайды).
Жаңғыртудың тағы бір маңызды бағыты 2023 жылдан бастап жұмыс берушілер үшін 5% міндетті зейнетақы жарнасы енгізіледі. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен өз қызметкерлерінің пайдасына жұмыскердің табысынан міндетті 5% зейнетақы жарнасын аударатын болады.
Пікір қалдыру