Ауғанстан астанасы Кабулда 3 қазанда күндіз Идгах мешітінің кіреберісінде үлкен жарылыс болды, деп хабарлады РИА Новости.
"Талибан" ұйымы ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жарылыстан 12 адам қаза болып, 32 адам жарақат алған.
Жарылыс кезінде мешітте осыдан бірнеше күн бұрын қайтыс болған Ауғанстан уақытша үкіметі Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары Забиулла Мужахидтің анасына дұға жасалып жатқан.
"Идгах мешітінің кіреберісіндегі жарылыс салдарынан бірнеше бейбіт тұрғын қайтыс болды" деп жазды "Талибан" өкілі.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, "Талибан" қауіпсіздік қызметкерлері шабуылға дайындалып, күдікті 3 адамды ұстаған.
Пікір қалдыру