NASA Марста көл болғанын растады

/image/2021/10/21/crop-6_7_335x589_jezerolake.jpg

NASA-ның "Preseverance" деп аталатын роверінің Марсқа қонған сегіз айдан бергі жіберген суреттері Қызыл Ғаламшарда көл болғанын растады. 

Францияның Нант қаласындағы "Laboratories de Planétologie et Géodynamique" зерттеушісі Николя Мангольд ғылми жаңалық туралы айтты. Ол NASA-ның баспасөз мәслихатында "негізгі байқаудың" Марстағы "Джезеро көлі мен өзен дельтасының болуын біржолата растайтынын" мәлімдеді. 

7 қазанда "Science" журналында жарияланған зерттеу Марстағы ровердің камерасы арқылы түсірген суреттерге негізделген.

"Мұндай жақсы сақталған стратиграфия Марста бұрын-соңды болған емес" деді Мангольд.

Ровердің алғашқы суреттерінің анализі бойынша, 3.7 млд жыл бұрын болған ежелгі көл кейде ондаған километр қашықтыққа дейін тасыған. 

Бұл нәтижелер енді NASA -ның Марстағы үлгі тау жыныстарын қай жерден алып Жершарыға жіберетініне әсер етеді. Тау жыныстарын жіберу 2031 жылға қарай болады деп күтілуде. Егер бұл миссия сәтті аяқталса, ғалымдар Марста жоғалып бара жатқан тіршіліктің ұсақ белгілерінің бар-жоғын білуі ықтимал. 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар