Илон Маск бір күнде 36 млрд доллар тапты. Өзгеден 100 млрд доллар алға кетті – Bloomberg

/image/2021/10/26/crop-41_22_1945x2944_84400.jpeg

Tesla акцияларының бағасы шамамен 13%-ға өсіп, автоөндірушінің нарықтық капиталы алғаш рет 1 триллион доллардан асты.

"Bloomberg" миллиардерлер индексі бойынша, Tesla компаниясының бас атқарушы директоры Илон Маск бір күнде  36,2 миллиард долларға байыды.

"Bloomberg" қазір Масктың байлығын 288,6 миллиард долларға бағалап отыр. Оның жеке байлығы қазір Toyota-ның 282 миллиард долларлық нарықтық құнынан асып кетті. Ол сондай-ақ General Motors (83,9 миллиард доллар) және Форд (62,8 миллиард доллар) сияқты компаниялардан да айтарлықтай дәулетті. 

Маск Tesla-ның шамамен 20%-ына иелік етеді және бұл үлес оның байлығының негізгі драйвері болып есептеледі. Ол сонымен қатар "Boring Company" және "SpaceX" сияқты кәсіпорындарды қаржыландырады.

Маск қаңтарда "Amazon" компаниясының негізін қалаушы Джефф Безосты басып озып, әлемдегі ең бай адам атанған. "Содан бері олардың орындары бірнеше рет ауысып отырды" деп хабарлады Bloomberg.

Енді Маск Безостан 100 миллиард долларға жуық асып кетті. Безостың байлығы нарық жабылған кезде 192,6 миллиард долларды құрады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар