Джефф Безос "ғарыштық бизнес-парк" жоспарларын жариялады

/image/2021/10/26/crop-10_8_526x945__121220200_blueorigin.jpeg

"Amazon" компаниясының негізін қалаушы Джефф Безосқа тиесілі "Blue Origin" ғарыштық туристік компаниясы коммерциялық ғарыш станциясын ұшыру жоспарын жариялады.

Безос дүйсенбіде "Орбиталық риф" деп аталатын станция онжылдықтың соңына дейін дайын болатынына үміттенетінін айтты.

Компания шығарған жарнама станцияның ғарыштағы "аралас іскерлік парк" болатынын және 10 адамға дейін қабылдайтынын айтады.

Компания оны салу үшін "Sierra Space" және "Boeing" компанияларымен серіктес болады.

"Blue Origin"-дің 32 000 шаршы фут станциясы тұтынушыларға "микрогравитацияда фильм түсіру" немесе "ең озық зерттеулер жүргізу" үшін тамаша орынды қамтамасыз ететінін айтты және оның құрамына "ғарыш қонақ үйі" де кіретінін мәлімдеді.

Баспасөз мәслихатында "Blue Origin" және "Sierra Space" басшылары құрылыс құнын айтудан бас тартты, дегенмен жобаға 1 миллиард доллар жұмсауға міндет алған Безос үлкен қаржы бөлетініне сенімді сияқты. 

Хабарландыру NASA 20 жыл бұрынғы Халықаралық ғарыш станциясын (ХҒС) ауыстыру бойынша ұсыныстарды іздестіру кезінде жарияланды. Станцияны 2030 жылға дейін қаржыландыруға кепілдік берілгенімен,  ол көптеген жөндеуді қажет етеді.

Ресей шенеуніктері өзерінің ғарышкерлері 2025 жылға қарай станциядан кетуі мүмкін екенін ескерткен, себебі ескірген жабдықтар апатты оқиғаларға себеп болуы ықтимал.

Жауап ретінде НАСА ескірген жабдықтарды ауыстыруға көмектесу үшін ғарыш компанияларына 400 миллион доллар жеке келісім-шарттар беру жоспарын жариялады.

Дегенмен, қаржыландыру үшін қатаң бәсеке болуы мүмкін. Осы аптаның басында "Nanoracks", "Voyager Space" және "Lockheed Martin" серіктестігі 2027 жылға қарай ғарыш станциясын төмен орбитаға шығару туралы өз жоспарларын жариялады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар