Ресей Украинаға кезекті гуманитарлық конвойын кіргізді. Бұл туралы «Қамшы» порталы uatoday.tv-ға сілтеме бере отырып хабарлайды. Бұл конвойлар, негізінен, ресейлік қару-жарақ пен контрабанданы шекарадан өткізу мақсатында қолданылады екен. Мәскеудің мәлімдеуінше, жүк көліктері Украинадағы Донбасс халқына көмек жеткізу үстінде. Бұл – шекарадан Украина үкіметінің рұқсатынсыз өткен 32-ші конвой екен.
Ресейлік үкіметтің айтуынша, жіберілген конвой 1000 тонна гуманитарлық көмек тиелген (азық-түлік, дәрі-дәрмек және т.б.) 100-ден аса транспорттық құралды құрайды.
Сонымен бірге, Украина үкіметі бұл конвойлардың Донецк және Луганск облыстарындағы жергілікті билік органдары қолға түсірген ресейлік бүлікшілерге арнаулы жүк тасымалдайтынын айтты.
Ресеймен арадағы шекараның украиналық бөлігіндегі 400 шақырым жер бақылаусыз қалған екен. Конвойлар Украина аумағына бақылаудан өткізу пункті арқылы емес, үнемі қаруланған бүлікшілердің баса-көктеуімен ғана кіретін көрінеді.
Украина билігінің ойынша, конвойлар жоғарыда аталған міндеттерден бөлек Украинада қаза тапқан орыс әскерін, өз еркімен және жалданып келген азаматтардың мүрделерін, сонымен қатар, украиндық өнеркәсіптен алынған құрал-жабдықтарды Ресейге тасымалдау мақсатында қолданылады.
Украиндық әскер гуманитарлық конвойды кіргізгендердің украиндық позицияларға шабуыл жасаған бүлікшілер болып шығуы мүмкін дейді.
Назгүл Назар
Пікір қалдыру