Елбасының сөзі жерде қалмас. Тіл – ұлттың белгісі, ұлттың жаны. Тілі жоқ ұлт болмайды. Ал біз жәй бір ұлт қана емес, әлемде жер көлемі жөнінен 9-орында тұратын мемлекетке ие азат ұлтпыз. Азат ұлттың тілі де азат болуы хақ. Елбасымыздың БҰҰ-да қазақша сөйлегені бәрімізді бір желпіндіріп тастады. Бір күн болса да елдегі бар қиыншылықты ұмытып кеттік. Дағдарыс деген жәйына қалды. Дүние жүзіндегі 17 миллион қазақ бір сәтте Елбасын төбесіне тік көтергісі келді. Міне, бұл тіл тағдыр – ұл тағдыры екенін көрсетеді. Біздің елдегі ең өзекті мәселе тіліміз бен азаттығымызды сақтау екені анық. Әр қазақтың жүрегіндегі, «жаным арымның садағасы» деген алаштың тілінің енді өшпесіне сенім ұялатты. Енді еліміздің тілдік саясатында оң бет бұрыстар болатыны анық! Тіліміз бен азаттығымызды сақтасақ, басқа қалған мәселелердің бәрі шешілеріне сеніміміз кәміл. Елбасының «Менен кейінгі басшылар да осылай сөйлейді деп сенемін»,- деген сөзі жерде қалмас деп ойлаймын.
Тұрдыбек Құрметхан
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру