Мәжілістегі арақ талқысы: арзан арақты қайда сататынын депутат білетін болып шықты

/uploads/thumbnail/20170708195244468_small.jpg

ҚР Үкіметі ағымдағы айдың 7-не дейін акциздік өнімдерге қатысты қолданылатын нақты шешімдерді қабылдайды. Парламент мәжілісінің пленарлы отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мырза осылай деп мәлімдеген.   Бұл туралы «Қамшы» порталы zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қазақстандағы салықтан жалтару, кедендік бақылаудың негізгі проблемаларын талқыланған мәжілістің пленарлы отырысында депутат Владислав Косарев шекарадан заңсыз өткізілген алкогольдік тауарлардың мәселесін көтерген. Көтергенде жәй көтерген жоқ. Арзан арақтың қазақстандық нарықты жаулап алуына байланысты отандық өндірушілердің саудасы бәсеңдеп қалғанын айтты.

— Менің сіздерге айтайын дегенім, біздің еліміздегі алкогольдік сусындар өндірісінің көрсеткіші соңғы жылдары күрт төмендеп кеткен. Өйткені отандық өндірушілер, көршілес Ресейден әкелінетін арзан ішімдіктерге бәсекелес бола алмай жатыр. Бізде заңсыз әкелінген арзан арақтар нарықты жаулап алған. Мысалы, жасыратыны жоқ, қазір кәдігі ақ арақтың ең  арзаны дүкендерде 450-ақ теңге тұрады. Ал отандық акциздік өнімдердің бағасы 2,5 мың теңге. Мен сізге кейін сол жерлердің мекен-жайын да көрсетіп беремін. Ал бұл арзан ішімдіктер қайдан келген? Әрине, заңсыз кіргізілген. Соның салдарынан, қазақстандық өндірушілер де мемлекет бюджетіне құятын салық мөлшерін 5-7 есеге төмендеткен. Өйткені өндіріс тұралап тұр. Бұл да жақсы емес. Біз акциздерді сол бұрынғы көрсеткішінде ұстап тұруымыз керек,-дейді депутат Ксоарев министр Досаевқа.

Ұлттық экономика министрі депутаттың сауалына тосыған жоқ. Жауап берді. Бергенде де қандай. ҚР Үкіметінің өзі қазір акциздер мәселесін қарастырып жатыр екен және жақын арады бұл мәселені шешеді-мыс.

— Қазір біз акциздерге қатысты мәселені Үкіметте қарастырып жатырмыз. Сондай-ақ, «Қазалко» ассоциациясымен бірлесе отырып жұмыстар жүргізудеміз. Олар жақын арада бізге барлық есеп-қисаптарын өткізеді. Ал 2016 жылға қарай отандық алькоголдік сусын өндірісі қайта қолға алаып, өндірісті жоғарылату жоспарланып отыр. Мен қайталап айтамын, дәл осы заң жобасының екінші қаралымына дейін, яғни 7-қазанға дейін Үкімет нақты қандай шаралар қолдану керектігін айқындайтын болады,-деді министрі Еболат Досаев.

Осылайша депутат Косарев Министрі Ерболат мырзаға арзан арақтың қайда сатылатынын айтып беруге уәде еткен.

Дұрыс! Өте дұрыс мәсел көтерген депутат Косарев арзан ішімдіктің жолын кесу арқылы отандық өндірушілердің өрісін кеңейтуді көздесе керек. Бір жағынан қазынаға келіп түсетін салық та азайып қалған. Ал дәл осындай қаржылық қиынды қос бүйірден қысқан кезеңде әптеп-үптеп пайда көріп қалудың барлық амалы да кәдеге асатыны белгілі. Тек бір ішімді қыжылдататыны – парламент пен үкіметтің басқа шаруалары қалмағандай, арзан арақтың «адресін» іздегендей, «олпы-солпы қалжыңды» парламент қабырғасында айтысқаны қай сасқаны?!

Сана түйсігі түсінгенге – кезек күттірмес заң жобасы – шетелдегі 5 миллион қандастың тезірек атажұртына оралуына тосқауыл болып тұрған – кейбір кедергілерді алып тастау емес пе? Ал біздің жарымжан шенеуніктер ішкіліктен өзге мәселе таппағандай, оны салық төлеуден жалтарудың көлеңкесімен көлегейлей отырып талқыға салғаны керемет екен. Ерлі-зайыптылар арасындағы жыныстық қатынасқа салық төлеу туралы бейсауат ұсыныс, парламенттегі арзан арақ мәселесі, енді не қалды? Не болса да, парламенттің осы шақырылымы ел есінде жақсы сақталатыны сөзсіз.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

 «Қамшы» сілтейді

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар