Өскеменде көмір кезегінде тұрған ер адам өзін өртемек болды (видео)

/image/2021/11/02/crop-106_3_436x581_1.jpeg

Өскеменде көмір кезегінде бірнеше күн тұрған 30 жастағы ер адам кезекті жылжыту үшін "өзін-өзі өртеймін" деп қорқытқан. Бұл туралы qumash_kz телеграм каналы хабарлады. 

Белгілі болғандай, бірнеше күн кезекте тұрып, қара отынға қол жеткізе алмаған Ұлан ауданының тұрғыны өзінің жүк көлігімен жолды жауып, бензин шашып, өзін өртеп жіберемін деп шу шығарған.

"Полиция қызметкерлері ер адамнан канистрді алып, оны тыныштандырды. Ол мұндай әрекетке, көмір ала алмағаны үшін барған. Қақтығысты реттеуге атсалысқан база басшылығы мен әкімдік өкілі оған көмір беру туралы шешім шығарды. Кезекте тұрғандар қарсы болмады" делінген полиция департаментінің баспасөз қызметінде. 

Ал жолды бөгеп, басқа көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіргені үшін оған 10 АЕК көлемінде (29 170 теңге) айыппұл салынды.

Жылыту маусымы басталғалы Қазақстанның көптеген өңірлерінде көмір тапшы. Бұған дейін Алматы облысы Сарыөзек ауылында белгісіз әйел көмір үшін жүк тиегіш-экскаватордың ковышына мініп алған. 

Биыл елде көмірдің бағасы 5 пайызға қымбаттаған. ШҚО-да бағаның өсуі бірден 11 пайызды құраса, оңтүстік өңірлерде 7 пайызға жеткен

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар