Сағат сайын, тіпті минут сайын шешілетін мәселе көп – Украина ішкі істер министрі

/image/2022/03/01/crop-7_3_341x612_274929757_5040727092658614_5163233821055952912_n.jpeg
Украинаның Ішкі істер министрі Денис Монастырский BBC-ге сұхбат беріп,  елдегі жағдай туралы баяндады.
 
– Президент менен күн сайын сұрайды, біз күн сайын жағдай мен болып жатқан өзгерістерге күш-жігерімізді үйлестіреміз және күн сайын жағдай күрделі, бірақ тұрақты деп жауап береміз. Иә, шынында да, жау әр күні көбірек күш жіберіп жатыр. Бірақ біздің даңқты қарулы күштеріміз Киевке келгендердің барлығын негізінен талқандап жатыр. Киев басты соққының орны болып қала береді, – деді ол.
 
Оның сөзінше, ұлттық гвардия, ұлттық полиция, қауіпсіздік қызметі және қорғаныс министрлігінің әскери барлау басқармасы кез келген сценарийге дайындалып жатыр.
 
– Біз диверсанттарды іздестіру және ұстау үшін мобильді топтар құрып жатырмыз. Тәулік уақытына байланысты Киевте осындай 100-ге дейін топ белсенді жұмыс істейді. Қалада (олар жұмыс істеп жатқан кезде) атыс естіліп жатыр. Көптеген адамдар тұтқынға алынды, біздің мамандар олармен жұмыс істейді.
 
Біз жалпы қаладағы жағдайды өз бақылауымызда ұстайтынымызды түсінеміз, бірақ сағат сайын, тіпті минут сайын шешілетін мәселелер көп, – деп жауап берді Украинаның Ішкі істер министрі Денис Монастырский.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар