Канадалық комик Украинаға көмектесу үшін сапарға аттанды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Ресей басқыншылығынцң бесінші күнінде Украинаға көмектесу үшін барамыз деген шетелдік еріктілердің саны артып келеді.
Торонтода тұратын 29 жастағы Энтони Уокердің әскери тәжірибесі жоқ және ол үш жыл бұрын Канаданың қарулы күштеріне медициналық тұрғыдан жарамсыз деп танылғанын айтады.
Әлеуметтік желідегі 100 мыңнан астам жазылушылары бар. Ол АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың жақтастарын келемеждеумен. жақында Канададағы жүк көлігінің наразылығымен танымал болған.
Үш баланың әкесі Уокер қазір Польша-Украина шекарасында босқындарға және керек-жарақтарды тасымалдауға көмектесіп жатқанын айтты.
Ол Украинаға өтіп, Львовқа баруды жоспарлап отырғанын, соңында майдан шебіне баратынын жеткізді.
Пікір қалдыру