Ресей армиясы Киевке қарай тұрақты ілгерілеуін жалғастыруда, жасандысеріктер арқылы түсірілген суреттерде ұзындығы шамамен 65 км болатын брондалған колонна байқалады.
Куәгерлердің айтуынша, ресейлік әскерлер оңтүстіктегі Херсон қаласына құрлық шабуыл бастады.
Елдің барлық қалаларында түнде тағы да жарылыс естілді. Шенеуніктер ондаған бейбіт тұрғын қаза тапқанын айтады.
Ресей мен Украинаның елшілері дүйсенбі күні Беларусь шекарасында бейбіт келіссөздер жүргізген, бірақ ол жерде таяу күндері тағы кездесуге міндеттеме алғаннан басқа келісімге қол жеткізілмеді.
Бейбіт келіссөздер жүріп жатқан кезде де ресейліктер Харьков, Киев және Чернигов сияқты қалалар мен елдімекендерді атқылауды жалғастырды, деді Украина президенті Владимир Зеленский.
Зеленский Ресейді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесінен шығаруға шақырды.
Сондай-ақ Украина Еуропалық Одаққа қосылуға ресми өтініш берді, оны кем дегенде ЕО-ның сегіз елі қолдайтынын білдірді.
Пікір қалдыру