Универсиада Алматыны әлеуметтік-экономикалық дамытудың драйвері болмақ - Б.Байбек

/uploads/thumbnail/20170708195803288_small.jpg

Алматы әкімі Бауыржан Байбек мегаполиске жұмыс сапарымен келген FISU халықаралық студенттік спорт федерациясының бас хатшысы Эрик Сайнтрондты қабылдады.Бұл туралы Қамшы порталы Информ.кз-ке сілтеме жасап, хабарлайды.

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2017 жылғы Универсиаданы өткізуге әзірлік мәселелеріне арналған шара барысында жасалған жұмыстардың есебі талқыланды және алдағы шараларға түзетулер енгізілді. Алматы әкімі қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудағы жобаның маңызын және жоғары мультипликативтік тиімділігін атап өтті.

 «Құрылыс нысандарында қазақстандық үлестің оң үрдісі айқын, бүгінде ол шамамен 52 пайызды құрайды. Әр нысанда 500-ден астам отандық кәсіпорындар жұмыс істейді. Мегаполис қазынасына құрылыс кезеңіндегі салық түсімдері 12,4 млрд. теңгені құрайды. Ең бастысы - құрылыс кезеңінде 12,5 мың жұмыс орны құрылады», - деп атап көрсетті Б.Байбек.

Сонымен қатар әлеуметтік жүктеменің ұлғайғаны және нысандардың перспективалары аталып өтілді. Айталық, егер бастапқы кезеңде Атлетика ауылына универсиададан кейін бес мың студент көшетіні жоспарланған болса, енді қазір 10,5 мың орынға орналастыру көзделуде. Қала басшысы Атлетика ауылы дамыған әлеуметтік инфрақұрылымымен қалалық студенттік кешенге айналатынын атап көрсетті - мұнда дәмхана, мейрамханалар, емханалар және басқа да нысандар орналасады.

 «Мұз аренасымен бірге бұл Алматыда қала халқының белсенді демалатынын орнына айналады. Бүгінде қала әкімдігі әзірлік жұмыстары жоғары деңгейде және көрсетілген мерзімдерде жүргізілуі үшін барлық қажетті шараларды алуда», - деп атап көрсетті Б.Байбек.

Өз кезегінде Э.Сайнтронд әкімді тағайындалуымен құттықтады және FISU тарапынан Универсиаданың атқарушы дирекциясына және тұтастай алғанда қала әкімдігіне әзірлік жұмыстары үдерісінде толық қолдау көрсетілетінін тағы да қуаттады. Қонақтарды спорт ауылының жобасы, оның әлеуметтік перспективасы, әсіресе нысан коммерциялық мақсаттардағы қолға өтпей, жоғары оқу орнының нысаны болып қалатыны тәнті етті.

 «Біз Алматыдағы Универсиада болашақта барлығына үлгілі болғанын қалаймыз. Жұмыстардың негізгі ауқымы елдегі және әлемдегі экономикалық қолайсыз жағдайларға қарамастан ойдағыдай жүріп жатқаны сүйінішті», - деді FISU өкілі.

9-14 қазан аралығында Алматыға құрамында 14 сарапшы бар FISU техникалық комиссиясының делегациясы спорттық нысандардың және барлық функциялық бағыттардың әзірлігі деңгейін тексеру үшін келетінін атап өткен жөн. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар