Интернет заманы десек те, газеттің аты – газет! Оқысаң – ақпарат, төсесең – дастархан, сүртсең – майлық, сермесең – желдеткіш, кисең – қалпақ, ұшырсаң – ұшақ, жақсаң – тамызық, салсаң – ұлтарақ, орасаң – пакет, ұрсаң - шыбын өлтіргіш, жазсаң - қаламақы, кек алсаң - домалақ арыз, тапсырсаң - макулатура, жамылсаң – көрпе, кәкетсең - ... Ал осының барлығын айпадпен жасап көріңдер...
Алматыда қазақ газеттерін қайдан аламыз? Белсенді интернет тұтынушы болсам да, газеттерді сатып алып оқығанды жақсы көретін адам едім. Әншейінде орыстілді газеттерді "Казпресс" дүңгіршектерінен, ал қазақ газеттерін "Дауыс" дүңгіршектерінен сатып алатынмын. Жақында "Дауыс" желісі сатылды деп естідім. Жаңа иелері қарыз атаулының барлығын бұрынғы "Дауысқа" қалдырып, қаладағы барлық дүңгіршектерді жаңалап жатыр жылтыратып. Өкініштісі жаңаланған дүңгіршектерде қазақ газеттері жоқ. Орыстілді, ресейлік басылымдар көбінесе. Сонда қазақ газеттерін қай жерден сатып аламыз? Әлде мен қателесіп отырмын ба?
Пікір қалдыру