Алматыда белгілі қазақстандық прозашы, публицист, аудармашы Герольд Бельгердің тағдыры мен шығармашылығына арналған еске алу кеші өтеді, деп хабарлады Қазақстан халық ассамблеясының баспасөз қызметі.
Кеш 2022 жылғы 31 қазанда сағат 14.30-да республикалық Достық үйінде болады. Іс-шараға Герольд Бельгердің достары мен жақындары, серіктері мен шәкірттері, дипломатия өкілдері, ҚХА мүшелері мен құрылымының өкілдері, зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, ЖОО студенттері мен БАҚ тілшілері және «Возрождение» Алматы немістер этно-мәдени қоғамының, «Wiedergeburt» немістер кеңесінің өкілдері қатысады деп күтіліп отыр.
Пікір қалдыру