Алматы қаласы Жастар ассамблеясының мүшелері Рустам Қайриев пен Омар Мұхаммедсаруар Қостанай облысы Әуеликөл ауданында өртенген орман қорының орнына республикалық шырша отырғызу акциясына қатысты, деп хабарлайды Қазақстан халқы ассамблеясының баспасөз қызметі.
Бүгін ұлттық мереке – Республика күніне орай ҚХА "Бірлік" халықаралық жастар жобасы шеңберәнде еріктілер акциясы өтті. Жастар Әулиекөл ауданында өрт апаты болған ормандарды қалыпқа келтіруге белсенді ат салысты. Жастар 100 астам көшеттер отырғызды.
Әулиекөл ауданы, жақында орман қорын түгелдей дерлік өрт шарпыған дәл осы жер, жақында ғана табиғи апатқа ұшыраған сол қайталанбас табиғатты қалпына келтіруге көшеттеріміз айналады деп сенейік.
Пікір қалдыру