ШАХАНОВ НЕГЕ ШАМЫРҚАНДЫ?

/uploads/thumbnail/20170708200357362_small.jpg

«Қамшы» порталының хат қоржынына келіп түскен материалды оқырман назарына ұсынуды құп көрдік. Еркін ақпарат алаңы өз оқырмандары мен авторларының арасын байланыстыру мақсатында келген хаттарға мән беретінін жеткізгіміз келеді.

Айтулы ақын, белгілі тіл жанашыры, «Ұлттық Кеңес» қоғамдық ұйымының төрағасы М.Шаханов 12-қазан күні Алматы қаласында аталмыш ұйым басшылары мен бірнеше қоғам мүшелернің басын қосып, жиын өткізді.

          Жиын барысында бүгінгі күні қордаланып қалған бірнеше мәселелер көтерілді. М.Шаханов өздері құрған «Халық рухы» партиясының бірнеше жылдан бері тіркелмей келе жатқандығына тоқталып, соған орай өзі сенім білдірген кей жігіттердің өзге партияларды төніректей бастағанына алаңдаушылық білдірді. «Жасылдар» партиясын құруға ниет білдіргендердің қасынан өз орынбасары Ж.Әкімнің бой көрсетуіне мүлде келіспейтіндігін ашық айтты. «Жасылдар» партиясын қазақ ұлтын масқаралап жүрген М. Телібеков дегеннің де төңіректеп жүргендігінен-ақ ол партияның болашағы жоқ екендігін аңғаруға болатындығын тілге тиек етті. Өкінішке қарай қазақты тілі жеткенше қорлап жүрген М.Телібековтің деңгейіне дейін құлдырау «Ұлттық Кеңеске» абырой әпермейтіндігін, сондықтан өз орынбасарын ондай арандатушылардан аулақ болуға шақырды. 

          М.Шаханов сонымен қатар, сол М.Телібековтің қазақ халқын қорлаған азғындыққа толы «ветер с улицы» деген кітабын С.Мәмбеталиннің де интернеттегі өз парақшасында қолдап, насихаттап жүргендігіне тоқталып, оның бұл іс-әрекеті мүлдем ақылға сыймайтындығын, сондықтан оның мұндай теріс бағыттан қайтуын талап етті. Бұлай кете берсе мұндай келеңсіздіктердің өзіне және қоғамның атына көлеңке түсіретіндігін айта келе, қоғам мүшелерін байсалды, парасатты жолуға шақырды.

          Мұхаңды «Ұлттық Кеңес» төрағасының орынбасары Е.Рақышевты қолдап, М.Телібековтың кітабын азғындыққа балады. Ол «жас жеткіншектер санасын улап, азғындық кітап жазған М.Телібековке «Ұлттық Кеңес» атынан тосқауыл қоюымыз қажет» деді. Е.Рақышев сонымен қатар, «Ұлттық Кеңес» қолдамаған мәселерді көтеріп жүргендердің қасынан табылатындарды да батыл айыптады. Бұл тұрғыда ол С.Мәмбеталин мен Е.Нарымбаевтың М.Телібековтың насихаттағандықтарын азғындықты қолдау деп  С.Мәмбеталиннің бетіне басты.

          Әріптестері сынына ілінген С.Мәмбеталин өзінің М.Телібековті қолдамайтынын, қайта оны сотқа бергендерді қолдау үшін кітабын айғақ ретінде жариялағандығын айтып, ақталды.

          Мәселе мәнін саралай келе «Ұлттық Кеңес» М.Телібековтің бұл іс әрекетіне және де басқа ұлттық мәселелерге қатысты мәлімдеме жасауға уағдаласты. Жиын барысында өзге де мәселелер қаралды. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар