Жыл сайын бестіктің бел ортасынан көрініп жүргендердің бірі – жапон жазушысы Харуки Мураками. Бірнеше жыл бойы оны алуы мүмкін үздіктердің қатарынан табылып, сыйлықты иелену үміті зор болғанына қарамастан, ылғи да жазушының жолы болмай келеді. Кениялық жазушы және драматург Нгуги Ва Тхионганың да әлемге танымал осы сыйлықты алуға тиіс үміткер үздіктердің қатарында жүргеніне де біраз жылдың жүзі өтті. Биылғы жылы Мураками мен Тхионганың жеңіп шығу мүмкіндігі 6/1 болып бағаланды.
Америкалық жазушы, Пультцер сыйлығының иегері Филип Рот пен АҚШ-тан шыққан тағы бір қаламгер әйел – Джойс Кэрол Оутс та осы бестіктің ішінде. Яғни, биыл Светлана Алексиевичтен бірге осы бестіктің қатарында болғандардың біреуі келер жылы Нобель сыйлығын алып қалуы ғажап емес. Танымалдығы тұрғысынан менің ойымша бұл сыйлыққа осы бестіккке енгендердің ішінен оны алуға лайығы - жапон жазушысы Харуки Мураками, ал таланты жағынан сөз жоқ америкалық жазушы Филип Рот. Әділеттілік тұрғысынан бағаласа Нобель сыйлығы биыл 85 жасқа толып отырған, сириялық ақын Адониске бұйырып қалуы ықтимал. Өйткені ол 2011 жылдан бері Нобель сыйлығын алуға тиіс үздіктердің қатарында келеді.
Амангелді Кеңшілікұлы, Facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру