Үшінші рет өтікізілген аукцион қорытындысы бойынша Қайрат Боранбаевтан алынған "Comfort Hotel Astana" қонақүй кешені сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді. Электронды сауда алаңындағы мәліметтерге қарағанда, қонақүй 3,9 млрд теңгеге сатылған.
Аукцион Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастамасымен тендер түрінде өткен.
Айта кетейік, Қайрат Боранбаев 2022 жылы "квазимемлекеттік сектордан ірі көлемде ақша жымқырды" деген күдікке ілінген. Оған QazaqGaz ұлттық компанияның газын сату бойынша келісімнен түскен 14,6 млрд теңге қаражатты жымқырды деген айып тағылған. Боранбаевты тергеу кезінде құны 1,4 миллиард теңгеден асатын "Comfort Hotel Astana" қонақүй кешені мемлекет меншігіне өткен болатын.
Пікір қалдыру