Неге «жаман болады?»

/uploads/thumbnail/20170708150702583_small.jpg

Ұрпақ тәрбиелеудегі ерекше тәлім-тәрбиесі, ереже-дәстүрі арқылы ұлтымыз бүгінгі егемендікке жетіп отыр. Қазақтың бала тәрбиесі жөнінде арнайы жазған заңы жоқ. Бірақ «жаман болады» деген жақсы сөзі бар. Сол – заң. Сол – ереже. Өйткені, жас балаға жағымсыз нәрселерді түсіндіру өте қиын. Сондықтан «жаман болады» деп келте қайырады. Енді солардың біразына тоқатала кетсек.

  1. Түнде күл төксе жаман болады (шоқ ілесіп, өрт кетуі мүмкін).
  2. Қол жуған соң сілкісе жаман болады(тамаққа, киімге шашырайды).
  3. Қатар отырған екі адам ет кессе жаман  болады (оқыстан пышақ тиіп кетуі мүмкін).
  4. Түнде тырнақ алса жаман болады(қараңғыда кесіп кетуі, болмаса, ыдыс-аяққа түсіп кетуі мүмкін).
  5. Кеште мал табынын араласа жаман болады(мал жусауы бұзылады).
  6. Туыстар ара ит алысса жаман болады (ит біреуді қапса жаупкершілігі қузалады).
  7. Саусақпен адам санаса жаман болады (құрметсіздік әрі күпірлік).
  8. Шаш жайса жаман болады (тамаққа, суға түседі және  ері өлген әйел шашын жаяды ).
  9. Түнде түс айтса жаман болады (көңілі бөлініп, жақсы ұйықтай алмайды).
  10. Ауылға шауып келмейді (адам мен малдың тыншытығы бұзылады. Және өлім хабарын әкелушілер ғана шауып келеді).
  11. Жылқыны басқа ұрса жаман болады (көзі шығып кетуі мүмкін).
  12. Баланы бесікке аластамай жатқызса жаман болады (от жарығынан жыбырлауық және басқа зиянды жәндіктер қашады).
  13. Түнде суға барса жаман болады (бала шошынуы немесе суға лас нәрселер ілесуі мүмкін).
  14. Суға дәрет сындырса жаман болады (су арамданады).
  15. Күлді басса жаман болады (аяқ былғанады).
  16. Құс жұмыртқасын шақса жаман болады (құстардың тұқымы құрып кетуі мүмкін).
  17. Балтадан, күректен, ала жіптен аттамайды (жығылып жаралануы мүмкін).
  Сурет: newstravel.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар