Елде 25 мың жұмыс орны ашылады - Үкімет

/uploads/thumbnail/20241212110310323_big.webp

Президент өзінің "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты халыққа Жолдауында еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін ашуға жүйелі күш салу қажеттігін баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев терең өңдеу тәсілін меңгеруге басымдық берілген 17 ірі жобаның тізімін атап өтті.

 

Өз шикізатымыз бен құрал-жабдықтарымызды барынша пайдалану, ірі кәсіпорындарға жапсарлас өндірістер ашу маңызды. Жобалар экономиканы әртараптандыру және өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру бағдарламасы шеңберінде іріктелді. Олар металлургия, химия, мұнай-химия, автокөлік, туризм, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі сияқты негізгі салаларды қамтиды.

 

Жобалар тізімі негізгі критерийлер бойынша таңдалды:

 

өнімді қайта бөлудің орташа және жоғары деңгейі;

экспортқа және импортты алмастыруға бағдарлану;

өндірілетін өнімге нарықтық сұраныс;

ел немесе аймақ экономикасы үшін стратегиялық маңыздылығы – мультипликативті әсер.

Аталған жобаларға инвестиция көлемі шамамен 15 трлн теңгені құрап, 25 мыңнан астам жұмыс орны құрылады. Күтілетін экономикалық тиімділік экспорт көлемінің 6 трлн теңгеге артуы және импортқа тәуелділіктің 1,5 трлн теңгеге төмендеуін қамтиды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар