Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алаңдаушылық білдірді
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты ресми мәлімдеме жасады. Онда АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің салдарынан халықаралық жағдайдың күрт нашарлағаны және бұл Орталық Азия өңіріндегі мемлекеттердің қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретіні атап өтілген.
"Қазақстан Каспий маңы елдерінің қатарында және Иранмен әртүрлі салаларда тығыз ынтымақтастық орнатқан. Біздің еліміз барлық келіспеушіліктер, соның ішінде ядролық мәселелер тек БҰҰ Жарғысына сай келіссөздер арқылы шешілуі тиіс деп санайды", – делінген СІМ хабарламасында.
Қазақстан СІМ барлық мүдделі тараптарды ядролық қарудың таралуына жол бермеу, сондай-ақ таратпау режимін сақтайтын мемлекеттердің қауіпсіздігіне халықаралық кепілдіктер беру мақсатында жаңа келісімді дайындауға шақырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін АҚШ Президенті Дональд Трамп Иранның ядролық нысандарына соққы жасалғанын мәлімдеген еді.