Әмірхан Балқыбекке ескерткіш қойылды

/uploads/thumbnail/20250703123649091_big.webp

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданында ақын Әмірхан Балқыбекке арналған ескерткіш орнатылды. Ескерткіш аудан орталығындағы саябақта орналасқан. 

Әмірхан Балқыбек 1969 жылы қазіргі Шардарада дүниеге келген. 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1995-2000 жылдары «Парасат» журналында, «Жас Алаш», «Ана тілі» газеттерінде тілші, 2000-2004 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

«Жас қазақ» газетінде бөлім редакторы болып істеген. Өлеңдері «Ауылдан ұшқан аққулар», «Толқыннан толқын туады» ұжымдық жинақтарына енген. «Метаморфоза», «Сынған сәуленің шағылысуы», «Қасқыр Құдай болған кез», «Ақын аполлогиясы» жыр жинақтарының авторы. Ақын 2014 жылдың 8 сәуірінде қайтыс болды. Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Әмірхан Балқыбек атындағы жүлде беріледі.

Қатысты Мақалалар