«39 млн теңге пара берген»: Бұрынғы вице-министрлер қылмыс үстінде ұсталды

/uploads/thumbnail/20250703125045969_big.webp

Қазақстанда бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер мен «Бірінші кредиттік бюро» басшысы пара беру ісі бойынша тергеуге алынды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

28 маусым күні үш күдікті кезекті пара беру кезінде қылмыс үстінде ұсталды. Бұл жолы берілген сома - 75 мың АҚШ доллары, яғни шамамен 39 миллион теңге. Агенттік пара беру процесінің нақты видеокадрларын жариялады.

Күдіктілердің үйлерінде жүргізілген тінту барысында қосымша 370 мың доллар мен 4,5 миллион теңге табылған. Қазіргі таңда барлық күдіктілер екі ай мерзімге қамауға алынды.

Алматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг департаменті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу деректеріне сәйкес, ПКБ басшылығы қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеу кезінде ақпараттық қызметтер көрсетуге байланысты өз мүдделерін өткізу үшін жүйелі түрде пара беріп отырған.

Іс бойынша негізгі күдіктілер:

  • Руслан Омаров – «Бірінші кредиттік бюроның» қазіргі бас директоры;
  • Дәулет Арғандықов – бұрынғы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
  • Ақмәди Сарбасов – бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Қатысты Мақалалар