Шерзат Полаттың ағасы - Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне байланысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды, деп жазады Qamshy.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы марқұмның отбасының адвокаты Мейірман Шекеев Instagram парақшасында хабарлады.
"Нұрқанаттың ісі тоқтатылған. Алайда біз болашақта істі қайта жандандыру үшін өтінішхат түсіретін боламыз", деп жазды заңгер.
Еске салайық, 2024 жылдың желтоқсан айының басында Нұрқанат Ғайыпбаевтың денесі Талғар шетінде тұрған көліктен табылған еді. Бұл қайғылы жағдай кәмелетке толмаған жиені Шерзаттың төбелес кезінде өлтірілгенінен бірнеше ай өткен соң болған. Сол жанжал кезінде Нұрқанаттың өзі де бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған.
Алдын ала нұсқа бойынша, Ғайыпбаев өзін-өзі өлтірген деп болжанған.