Маса арқылы жұғады: Қытайда қауіпті вирус тарап жатыр

/uploads/thumbnail/20250804160349591_big.webp

Жексенбі күні Қытайдағы Гангконг қаласында чикунгунья безгегі деп аталатын қауіпті вирус таралғаны хабарланды. Гангконгтың денсаулық сақтау орталығының ресми дерегі бойынша қазірдің өзінде инфекция 7000-нан астам адамнан анықталған. Алғаш рет ауру Қытайдың Фошань қаласына сапарынан оралған 12 жасар балада анықталды. 

Ресми дерек бойынша әзірге ауыр жағдайлар мен өлім-жітім тіркелмегені атап өтілді. Инфекция жұқтырғандардың көбісі 2770 жағдай Фошань қаласында тіркелген. 

Бұл безгектің түрі басқа адамдарға маса арқылы тарайды. Инфекция жұқтырған адамда қызу көтерілуі, буындардың қатты ауыруы, жүйке жүйесінің бұзылуы секілді асқынулар пайда болады.

Қытай билігі жағдайдың бақылауда екенін мәлімдеді. Сондай-ақ туристерге ешқандай қауіп жоқ екені хабарланды. 

Биыл мұндай жағдай әлемнің Үндістан, Ливан секілді елдерінде тіркелген болатын. Мысалы Мумбайда маусым айында 21 адам, шілдеде 129 адам чикунгунья инфекциясын жұқтырған. 

Қатысты тегтер :

Қатысты Мақалалар