Биылдан бастап 29 қазан ресми түрде Қазақстан кәсіпкерлері күні болып белгіленді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұйрыққа 30 шілдеде қол қойған.
Бұл күнді таңдау маңызды тарихи оқиғаға байланысты. 2015 жылғы 29 қазанда бизнесті қолдау жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясаттың базалық қағидаттарын қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік, инвестиция, бәсекелестік және мемлекеттік бақылау саласындағы негізгі заңнамалық актілерді шоғырландырған Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі қабылданды.