Трамп: Зеленский Қырымнан бас тартса, соғысты дереу тоқтамын

/uploads/thumbnail/20250818110834848_big.webp

Дональд Трамп Владимир Зеленский Қырымнан бас тартып, Украинаның НАТО-ға кірмеуіне келісетін болса қақтығысты дереу тоқтата алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Трамп  Truth Social әлеуметтік желісінде жазды.

"Зеленский қаласа, Ресеймен соғысты дереу тоқтата алады немесе соғысуды жалғастыра алады. Мұның бәрі қалай басталғанын есте түсіріп көрейік: Қырымды қайтармаса және Украина НАТО-ға кірмесе, бұл мүмкін. Кейде белгілі бір нәрселер ешқашан өзгермейді", - деп жазды Трамп.

Бүгін Трамп пен Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты кездеседі.  Сондай-ақ Вашингтонға Франция президенті Эммануэль Макрон, НАТО Бас хатшысы Марк Рютте, Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен, Германия канцлері Фридрих Мерц, Финляндия президенті Александр Стубб және Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер де Вашингтонға барады деп көзделіп отыр. БАҚ-тың хабарлауынша, Италия премьер-министрі Джорджа Мелони де барады.

Қатысты Мақалалар