Алматыда Тәуелсіз белсенді Мейірболат Бишуинов ұсталды. Оған қатысты Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұған дейін журналистің із-түссіз жоғалғаны хабарланған болатын.
Бейресми деректерде кеше қоғам белсендісі Шүкір Абдуллаев пен заңгер Асылбек Қараев үшеуі бірге Талғар әкімдігінде болып, сол жердің қызметкерлерімен сөзге келіп қалғаны айтылды.
Бүгін Мирболат Бишуиновты босатуды талап еткен белсенділер Алматы полиция депортаментінің алдына жиналды. Алматы қалалық полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Қасымбаев журналистің ұсталу себебін былай деп түсіндірді:
"Бишуиновке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Оның қорғаушысы бар. Екі күн ішінде сот бұлтартпас жазаны тағайындау жөнінде шешім қабылдайды".
Бұған дейін журналистің әпкесі Айгүл Бишуинова бауырын таңға дейін іздегенін айтады. Оның сөзінше, Мейірболат Бишуинов Талғардан келе жатқан кезде ұсталған.