Ербол Азанбек: Бұл - банкке ғана емес, қазаққа келген жау

/uploads/thumbnail/20170708151244753_small.jpg

Біз отырмыз, үшінші күн аттан түспей. Тірі болғанымыз болмаса, сүлдеріміз ғана бар сияқты. Таңғы тамақты ұшақта ішкенім есімде, одан бері ас атаулыны ұмыттық. Телефонға да, почтаға да, компьютерге де тыным жоқ. Күйген "колодканың" исі сияқты компьютер жарықтықтан да иіс шықты.  Бір топ салымшы жүр, кешелі бері банк бөлімшесінің алдын торауылдап. Салымым күйіп кете ма деп уайымдайды. Кезектің көптігінен жүйкесі жұқарып, қалш-қалш етеді.  Менеджерлер отыр. У-шудан құлағы тұнып кеткен. Ақпараттардың шектен тыс өңделіп жатуынан компьютерлер де тоқырап етіп, әрең істейді. Айғай, боқтықтан қорқып, тағы отыр. Бір қыз  хабарласады. Ауылынан жіберген ақшасын ала- алмай отыр екен. Бөлімшелерде кезек. У-шу. Ал, ақша керек. Зиян шегіп отырған кім? Бәріміз. Сонда мұның бәрі кімге пайдалы? Анау жақта ақпараттық соғыс ұйымдастырып қойып, Қазақстандағы қаржылық ахуалды тұрақсыздандырғысы келгендерге ғана. Бұл банкке келген ғана жау деп ойласаңыз қателесесіз. Бұл қазаққа келген жау. Дәл қазір ашық ештеме айта алмаймын. Уақыты келеді. Айтамыз. Бірақ ол кезде кештеу бола ма деп қорқамын. Банкін қорғап өліп отыр дегендерге, дегендерге уақыт келеді, сол кезде бәрі анық болады. Сабыр сақтайық.

Қатысты Мақалалар