Қаныбек Жұмаш «Нұр Отан» партиясының жаңа хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы «Қамшы» порталы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметінде Қаныбек Жұмаш мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жұмыстарын, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракция және барлық деңгейдегі мәслихат фракцияларымен мемлекеттік бағдарламалардың, оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасының орындалуын, салалық және аймақтық бағдарламалардың орындалуын, бюджеттік қаражаттың тиімді пайдалануын, ұйымдастыру-бақылау жұмыстарын қадағалайтын болады», - делінген «Нұр Отан» партиясының сайтында орналастырылған хабарламада.
Қаныбек Жұмаш әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (химик-оқытушы), Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін (экономика және құқық) бітірген.
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметінде, «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары болып бірқатар жылдар бойы жұмыс істеген.
2015 жылдың тамыз айынан бастап «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі болған.
2013 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Пікір қалдыру