«Адасқандар» - Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған 31 арнадағы жаңа тұсаукесер!

/uploads/thumbnail/20170708203755075_small.jpg

Желтоқсанның жетінші жұлдызында 31 арнада қазақ хандығының 550-жылдығына арналған жаңа тарихи-фантастикалық телехикаяның тұсаукесері өтеді. Өткен ғасырдың кейіпкерлері, сол кездегі тұрмыс-тіршілікті көрсететін декорациялар мен  реквизиттер, сол заманға сай киім үлгілерін киген кейіпкерлер және қазақ жерінің кең байтақ даласы!

Телехикаяның сюжеті – қазіргі заманда өмір сүріп жатқан, бірнеше қазақстандықтардың, бұрынғы Қазақ Хандығының тұсына өтіп кеткендері жайлы баяндайды. Хикаяның басты кейіпкері: Талас Серкебаев - белгілі физик, физика-математика ғылымының докторы, уақыт порталын жүзеге асыру үшін бірнеше жылдан бері зерттеулермен айналысып келеді. Арнайы аппараттың көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан Таласқа, жаңа бейнебаян түсіреміз деп адасып келген Айдана есімді танымал әншінің тобы, Таластың жұмысына кедергі келтіріп, барлық кейіпкерлер кенеттен бұрынғы заманға өтіп кетеді…

 Сериалдың басты мақтанышы: танымал, кәсіпқой актерлер. Туындының жұлдызы - белгілі қазақстандық әнші Кәмшат Жолдыбаеваның туған сіңілісі – Алтынай Жолдыбаева, театр және кино актерлері Әсет Иманғалиев, Бауыржан Сұрапбаев, Бану Манкеева, Зейнәбіл Жомарт сынды талантты өнер иелері өз кейіпкерлерін жақсы сомдап шықты.

Өз өмірлеріне үйреніп қалған кейіпкерлеріміз Қазақ Хандығына өтіп кеткен соң, ол жерден тірі қалып, қашып шыға алады ма? Әдемі әуен мен әзілге толы хикая, ешкімді бей-жай қалдырмайды.

  

7і желтоқсаннан бастап сағат 23.00 «31 арнада»

Қатысты Мақалалар