Өзін «Қазақстан» телеанасының еркесі мен серкесіндей аса еркін ұстайтын Нұрлан Қоянбаев деген аузы-басын қисаңдатқыш, шектен шыққан әзілкеш інім күндіз-түні:
-Мен «Липтон» шайын қанша ішсем де бір «тоймаймын!»- деп қақсап келе жатқалы қашан? Оның бұл мазаққа бергісіз дөрекі әзілінің құлағымызды әбден сарсытқаны да рас.
Нұрлан інім, сен бүйректен сирақ шығрмай тыныш отырсаң қайтеді?
Қашан есі дұрыс қазақ: «шайға тойдым» деп айтушы еді?
Дұрысын айтатын болсам, қазақ: «шайға қанбаймын немесе қанбадым» дейді. Бүйректен сирақ шығармай, жайыңа отырсаң қайтеді, Нұрлан інім?!
Жұмаш КЕНЕБАЙДЫҢ «Фейсбук» парақшасынан