Расул Жұмалы. Отанды кім қорғайды?

/uploads/thumbnail/20170708151349312_small.jpg
Несін жасырамыз, қатардағы қазақ отбасында бүгінгі бәрі болмаса да көпшілік ананың баласына айтары "Ел Азаматы бол, намысыңды таптатпа, Ата-Баба аруағын қастерле" деудің орнына мынау емес пе: "Қайтесің сол әділдікті, қайдағы демократия, тыныш жүр, бастықтың айтқанын істе. Қарасайш, тіпті Алтынбек, Заманбек, Мұхтар секілді арыстар елім, жерім деп жүріп оққа ұшқанын, түрмеге тағатылғанын. Жалғыз сен не бітіресің? Жайыңа отыр." Алайда Аналарымыздын кiнасi ме бул? Жок, саяси ортанiкi. Енді міне күні кеше Ресейдің басқыншыл саясатына қарсы шыққан белсенділерді қолдау орнына билік оларды қайта соттады. Қоғамымызды осынау арамзалық, пұлқұмарлық, көзбояушылық пен жағымпаздық дерті басқанда, бөгденің сойылына тізе бүккенде жастарға қандай тәрбие бермекпіз? Алла сақтасын, Ел басына күн туса, Отанын қорғайтын сарбаздар қайдан табылмақ?

Қатысты Мақалалар