Баян Есентаева: Біздің шоу-бизнесте қызтекелер жетерлік

/uploads/thumbnail/20170708224604075_small.jpg

Продюсер Баян Есентаева Instagram парақшасында соңғы күндері үлкен дауға ұшыраған Ерболат Беделханның “91” тобына қатысты сынға өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды www.juldizdar.kz nur.kz –ке сілтеме жасап.

“Мәселе бұл топта емес, әркім өзінше дараланғысы келеді. Бәріне бір өлшеммен, біржақты қарауды доғару керек. Біздің қоғамда қызтекелер бар, шоу-бизнесте де олар жетерлік. Енді солардың бәрін атып тастау керек пе? Неге нағыз “батыл” сыншылар осы тақырыпты көтермейді, бұған келгенде, бәрі де үндемей қоя салады. Олар да өзгеше адамдар, ешкімге ұқсамайды. Біз бәріміз де – өзгешеміз. Өзінің ерекшелігін көрсетуге әркімнің құқығы бар!”, – деді Есентаева микроблогында.

Продюсер бұл ойын “91” тобын жақтап жазған ғаламтор қолданушысының пікіріне сүйене отырып білдірген еді.

“Сіздер “91” тобына дейін өмір сүрген жоқсыздар ма сонда? Жастар сонда кімді тыңдау керек? Сіздердің үлгі тұтатын, тойдың әнін айтатын әншілеріңізден жүрегім айниды. “91”-ді ұнамаса, тыңдамай-ақ қойыңыздар. Әркімнің талғамы әр түрлі”, – деп жазған еді әлеуметтік желі қолданушысы.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар